Binomo: шолулары 2024 мен трейдерлер пікірлері

5.0 / 5
5

Binomo сауда платформасы негізінен жаңадан бастаған трейдерлерге арналған, дегенмен, оның қолайлы шарттары кез-келген деңгейдегі трейдерлерді қызықтыра алады. Ұйым – реттеуші ұйым сертификаты бар лицензияланған қаржы институты.

Читать обзор на русском

Жалпы ақпарат

2015 және 2016 жылдары ұйым жылдың ең үздік сауда платформасы марапатына ие болды. Жаңадан бастаған трейдерлер үшін сауда тиімділігі қарастырылды. 2018 жылы тәуелсіз бақылаушы ұйым Қаржы комиссиясы (FINACOM LTD) Binomo мәртебесін А санатына көтерді. Бұл алдымен, жоғары сенімділік деңгейін көрсетсе, екіншіден, бір сұраныс бойынша өтемақы қорын 20 мың еуроға дейін көтеруге мүмкіндік береді.

Артықшылықтары мен кемшіліктері

Binomo ұйымы 2016 жылдан бері қолданушылар арасында аса танымал 2-3 ұйыммен бәсекелес бола отырып, өзінің нарықтағы көшбасшылығын сақтап отырғандығы анық. Бұл пайдаланушыларға шын мәнісінде қолайлы ынтымақтастық шарттарын ұсынып отырғандығының белгісі. Енді аталған ұйымның сауда платформасының негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырайық.

Артықшылықтары:

  • Жаңадан бастаған трейдерлерге қолайлылығы. Шотты несиелеудің ең төменгі мөлшері бар-жоғы – $ 10, бұл шоттан шешіп алу сомасымен бірдей, ал операциялар сомасы – $ 1 (немесе оның ұлттық валютадағы баламасы). Жеке жаттықтырушымен ақылы да, ақысыз үйрену мүмкіндігі. Қарапайым және сезімтал интерфейс. Сондай-ақ, демо-шот бар.
  • Жетілдірілген терминал. Сауда платформасы ондаған танымал индикаторларды қолдайды және онда экономикалық күнтізбе мен 20-дан аса диаграмманы талдау құралдары бар. Қолданыстағы функция 1000-нан аса түрлі сауда стратегияларын қолдайды.
  • Mобильді сауда. Мұнда тек сауда жасауға ғана емес, сонымен қатар, қарапайым индикаторлық диаграмма талдауын жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі функциялары бар iOS пен Android операциялық жүйелеріне арналған қарапайым терминалдар бар.
  • CFD саудасы. Бұл қызмет түрі ұйым бағаның құбылу қарқынына байланысты шектеусіз пайдасы бар сауда келісім-шартының жаңа түрі енгізілген, 2018 жылдан бері қол жетімді. Ол әзірге кеңінен таралмаған, дегенмен бұл қызметтің де мүмкіндіктері зор.
  • Бонустар мен турнирлер. Binomo атынан бірегей бәсекелестік ұсыныс – бұл тұрақты түрде өткізілетін турнирлер, яғни нақты ақшалай сыйақылары бар трейдерлер арасындағы жарыстар. Мұндай іс-шаралардың жүлде қоры көбіне 50-80 000 долларға дейін жетіп жығылады.

Кемшіліктері:

  • Жарамдылық мерзімі. Классикалық келісім-шарттар бойынша сауда мерзімінің ұзақтығы – 60 минут. Бұл ұзақ мерзімді стратегиялар бойынша жұмыс атқаратын сауда трейдерлері үшін тиімсіз.
  • Келісім-шарттар жиынтығының жеткіліксіздігі. Кейбір ұйымдар пайдаланушыларға 8 түрлі сауда-саттық түрлерін ұсынады – «жанасу», «дәліз», «баспалдақ» т.б. Ал Binomo-да таңдаулар жиынтығы екі түрлі тәсілмен ғана шектеледі – CFD және классикалық келісім-шарттар.

Сауда шарттары

Шот. Депозиттер мен шешіп алу мөлшері 10 доллар немесе евро сомасынан басталады. Шотты несиелеудің оннан астам тәсілі бар: карталар, төлем жүйелері, банктер, криптовалюталар. Трейдерлердің тұратын еліне байланысты ұлттық валюталар бойынша қолдау көрсетіледі.

Сауда. Инвестициялық салымдар 1 доллар немесе евродан басталады. Шарттың үш түрі бар: жарамдылық мерзімі 1 сағаттан аспайтын «жоғары/ төмен», 5 минуттық мерзімге дейінгі турбо-шарттар, сондай-ақ, баға айырмашылығы бойынша (CFD) шектеусіз мерзімге берілетін шарттар. Классикалық келісім-шарттардың пайдалылық коэффициенті 89% дейін жетеді.

Негізгі активтер

Binomo алаңындағы активтердің жалпы саны 50. Валюта жұптары мен акцияларды таңдау мүмкіндіктері орасан зор. Сондай-ақ, мұнда көрсеткіштер, тауарлар және криптовалюталар бар. Сонымен қатар, 24 сағаттық сауда-саттыққа арналған криптоиндексі бар бірегей актив бар. CRYPTO IDX техникалық талдау стратегиясын пайдаланушылар арасында кеңінен тараған тұрақты құбылмалылығымен танымал.

Сауда платформасы

2015 жылдан бері Binomo бірегей функционалдығы бар өзіне тиесілі жеке терминалды қолданады. Бұл нарықта жиі кездесетін стандартты шешім емес, тек осы сала көшбасшыларына ғана тиесілі маңдайалды озық шешім. Оның компьютерге арналған веб-терминал, сондай-ақ, iOS пен Android жүйелеріне арнап оңтайландырылған нұсқалары бар.

Веб-терминал сипаттамалары:

  • 14 индикатор, оның ішінде Moving Average, RSI, CCI, SAR және тағы басқалары;
  • диаграмма талдауға арналған ондаған құралдар;
  • 4 түрлі диаграмма режимдері – майшамдар, жолақтар, сызықтар мен толтырылған алаң;
  • басты экономикалық оқиғалар көрсетілген қаржылық күнтізбе;
  • ашық сауда-саттық пен жарамдылық мерзімдерін бағдарлау;
  • барлық сауда операцияларының егжей-тегжейлі тарихы;
  • пернетақтаны қолдану, сондай-ақ, «бір нұқу» арқылы сауда-саттық жасау мүмкіндігі;
  • минималистік үлгідегі қарапайым интерфейс;
  • сауда-саттық жариялануы кезіндегі айнымас позиция;
  • мультимод, диаграммалары бар қойындылар, шектеусіз сауда-саттық мүмкіндігі.

Терминал интерфейсі бірнеше жеке қойындыларды қатар ашуға мүмкіндік береді. Бұл бір мезетте бірнеше активтерді сату барысында қолайлы. Мысалы, қандай да бір валютаның құбылмалылық деңгейі төмен болса, онда сіз басқа активке арнап жаңа кесте аша аласыз. Ашылған беттегі кестенің барлық параметрлері, оның ішінде индикаторлар мен уақыт шектеулері автоматты түрде жаңа қойындыға көшіріледі.

Шоттардың түрлері

DEMO ACCOUNT. Пайдаланушылар тіркелген соң олардың атына бірден шот ашылады. Мұнда сауда-саттыққа қатысты демо-шоттар мен бейне нұсқаулар шектеусіз көлемде қолжетімді.

STANDARD. Бұл базалық деңгей 10 мен 499 доллар аралығында салым салынғаннан кейін қолжетімді. Ол нақты сауда, қаражатты алу және турнирлерге қатысу мүмкіндіктерін ұсынады. Келісім-шарттардың ең жоғарғы пайдалылық мөлшері 85%-ды құрайды және де сіз негізгі құралдар жиынтығын аласыз және сізге 3 жұмыс күніне дейінгі төлем мерзімі беріледі.

GOLD. Бұл сомасы 500 доллардан асатын салымдарға арналған ұсыныс. Төменгі премиум мәртебесі. Мұнда қосымша тиімді шарттар қатарына төлемдерді өңдеу жылдамдығының 24 сағат мерзімге қысқартылуы, келісім-шарттардың пайдалылық деңгейінің 86%-ға өсуі және Binomo мамандарының жеке стратегияларға қол жеткізу мүмкіндігі кіреді.

VIP. Көлемі $ 1000 немесе одан көп соманы депозитке салған жағдайда ең жоғары деңгейдегі қызмет түрі беріледі. Әр VIP клиентке жеке менеджер тағайындалады. Жеке жаттықтырушымен тегін оқыту ұсынылады және трейдерлерге Қолдау қызметі тарапынан ерекше мәртебе беріледі, сонымен қатар, клиенттерге арнап арнайы жасақталған түрлі бірегей қызмет түрлері ұсынылады. Төлемді өңдеу уақыты 4 сағатқа дейін қысқарады.

Шот ашу мен қаражат алу

Бастапқы тіркеу процесі мүмкіндігінше қысқартылады. Пайдаланушының тек электрондық пошта мекенжайы мен құпиясөзі сұралады. Шоттың валютасы туралы негізгі шешім де осы алғашқы кезеңде қабылдануы қажет. Болашақта оны өзгертуге мүмкіндік болмайды. Доллар мен евро, сондай-ақ трейдерлердің тұратын еліндегі ұлттық валюта (Ресей үшін рубль) қол жетімді.

Барлық пайдаланушыларға долларды таңдау ұсынылады. Себебі доллар – бұл, түрлі төлем жүйелері қолдайтын әмбебап әлемдік валюта. Сонымен қатар, егер сіз өзіңіздің ұлттық валютаңызды таңдасаңыз, бұл бірден қолжетімді салым әдістері бойынша шектеулер тудырады. Оған қоса, ең төменгі салымдар мөлшері долларға қатысты айырбас бағамының нәтижесінде көбейіп кетуі мүмкін.

Төлемдер 10 доллар немесе евродан басталады немесе ұлттық валютадағы балама сомадан басталады. Сіз ақшаңызды тек салым жасалған жүйе арқылы немесе банк картасы арқылы ғана ала аласыз. Сұраныстың ең жоғарғы мөлшері 200 доллардан аспауы тиіс бар, дегенмен сұраныстар саны шектеусіз, яғни төлемдерде іс жүзінде шектеу жоқ. Үлкен соманы алу барысында біз клиенттің төлқұжат мәліметтерін тексеруді сұраймыз. Сол себептен, бастапқыда тіркелу барысында өзіңіздің нақты мәліметтеріңізді көрсетуіңіз қажет. Бұл халықаралық қаржы заңнамаларының талаптары сай жасалған және ұйым басшылығының жеке шешімі емес.

Демо-шот

Binomo алаңы шексіз демо-шоттар көлемін ұсынады. Жаңадан бастаған трейдерлер оны оқыту мақсатында пайдаланады, ал мамандар оны қауіпті стратегияларды тексеру үшін пайдаланады. Өшіп қалған жағдайда сіз өзіңіздің шотыңыздағы балансты ($1,000 немес 50,000 рубль) бір рет басу арқылы қайта қалпына келтіре аласыз. Оның артықшылығы осында. Терминалды немесе сауда параметрлерін өзгертпестен негізгі шоттан демо-шотқа жылдам ауысуға болады.

Демо режимінің болуы практикалық материалдарды пайдалану арқылы сауда-саттықты тәуелсіз зерттеуге шексіз мүмкіндіктер береді. Интернет жүйесінде сізге қаржылық нарықта сауда жасау дағдыларын өз бетінше игеруге көмектесетін мыңдаған оқу материалдары бар. Binomo алаңындағы бейне нұсқаулар сізге негізгі сауда тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Мобильді сауда

Екі нұсқа ұсынылады: классикалық мобильді терминал мен CFD саудасына арналған арнайы қосымша. Соңғысына келетін болсақ, бұл әлі күнге дейін ашық бета-тестілеу сатысында тұрған эксперименталды қызмет түрі. iOS жүйесіндегі Binomo қосымшасында сауда жасауға арналған CFD түрлері бар. Алаңның функционалдығы мобильді терминалдың классикалық нұсқасымен бірдей.

Стандартты мобильді терминал мерзімі 1-60 минут аралығындағы классикалық келісім-шарттармен, сонымен қатар, үш индикаторды (Bollinger Bands, Alligator және Mover Avera) пайдалануға сауда жасауға мүмкіндік береді. Сіз өз шотыңызды толтыра аласыз, қаражатты алып, қолдау тобы мамандарымен байланысқа түсе аласыз.

Трейдерлерді оқыту

Binomo жүйесі ең алдымен оқыту мәселесі өте маңызды болып табылатын жаңадан бастаған трейдерлерге бағытталған. Компания мамандары сауданың негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі қарастыратын бейне нұсқауларды барлық пайдаланушыларға қолжетімді еткен. Сондай-ақ, терминдер сөздігі мен сауда туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар да бар. Оқу бағдарламасы үнемі жаңартылып және жаңа материалдармен толықтырылып отырады.

Жеке жаттықтырушымен тегін жаттығулар реті ұсынылады. Бұл үшін сізге ешқандай ақы төлеудің қажеті жоқ, бірақ бұл қызмет түрі тек VIP пайдаланушыларға арналған. Кез-келген адамның сауда шотына $ 1,000 немесе одан да көп қаражатты салу мүмкіндігі жоқ. Сол себептен жеке сауда дағдыларын игеру жылдамдығын арттыру тұрғысынан бұл өте тиімді.

Сауда стратегиялары

14 индикатордың және әртүрлі диаграмма құралдарының болуы сату барысында батыл тәжірибелер жасауға көптеген мүмкіндіктер береді. Жаңадан бастаған трейдерлерге тиімділігі дәлелденген дайын сауда жүйелері ұсынылады. Сауданы кезең-кезеңмен жүргізу нұсқаулығын анықтама бөлімінен немесе тікелей сауда терминалынан алуға болады.

Binomo сайтында жарияланған барлық стратегиялар сарапшылар тарапынан мұқият тексерілген. Олар қарапайым, дегенмен тиімді. Сауда жүйелерін пайдалану туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар ешқандай сауда тәжірибесі жоқ трейдерлерге үйренуге мүмкіндік береді. Барлық жаңадан келген трейдерлер алғашқы саудаларын дайын жүйелерде жасауға мүмкіндік алады. Атап айтқанда, егер сауда нақты шот бойынша жүргізілген жағдайда. Бұл сізге үлкен қателіктерге жол бермеуге көмектеседі, сонымен қатар, сіз практикалық дағдыларды меңгере аласыз.

Binomo жүйесімен бірге сауда жасайсыз ба?

Компанияның сауда шарттары тәжірибе деңгейіне қарамастан көптеген трейдерлерді қызықтырады. FMRRC сертификаты, нарықта 4 жылдан астам мерзім ішінде көрсеткен сапалы қызметтері мен жоғары беделі, компанияның биік рейтингі, көптеген оң пікірлер мен пайдаланушылар арасындағы танымалдығы – осының бәрі компанияның қаншалықты сенімді екендігінің белгісі. Алайда,бүгінде ол ұзақ мерзімді, яғни күн, апта немесе ай мерзімі көлемінде сауда жасағысы келетіндер үшін тиімсіз. Компания сауда жасау мерзімін 1 сағатқа шектейді. Болашақта бұл шектеу алынып тасталуы мүмкін. Бірақ, қазіргі уақытта сіз CFD сата аласыз және мұнда сауда операцияларының ұзақтығы шектелмеген.

Читать обзор на русском

Please rate this

Пікір үстеу