Olymp Trade шолулар мен пікірлері 2024

4.9 / 5
5

Olymp Trade платформасында шот ашуға тиіссіз бе? Бұл қымбат алдамшы әлде сенім артуға тұратын платформа ма? Біздің егжей-тегжейлі шолуымыздан біліңіз.

Читать обзор на русском.

Olymp Trade: Сауда платформасына шолу

Olymp Trade интернеттегі жетекші сауда платформасы және әлемдегі ең ірі платформалардың бірі болып саналады. 2014 жылы шағын көлемде жұмыс істей бастаған компания дүние жүзіндегі миллиондаған трейдерлердің арасында беделге ие бола алды, дегенмен мынадай сұрақ әлі де туындайды:

Olymp Trade платформасы пайдалы ма, ал болса, тұрақты кіріске қалай жетуге болады?

Осы сарапшылық шолуда біз дәл осы мәселені анықтамақпыз. Біз компанияны микроскоп астында зерттейміз де, Olymp Trade платформасының барлық қырларын, соның ішінде клиенттерді қолдау, депозиттер және қаражатты шығарып алу, сондай-ақ трейдерлерді оқыту және нормативтік-құқықтық реттеу жақтарына баға береміз.

Осы мәтіннің соңында сондай-ақ клиенттердің түсіндірмелері мен пікірлерін көруге болады. Сондай-ақ бұл жерде өз сұрақтарыңызды қойып, әріптес трейдерлермен ой бөлісе аласыз.

Осы нұсқаулықты оқып шыққаннан кейін Olymp Trade платформасына қатысты төмендегі маңызды сұрақтарға жауап бере аласыз:

  • Olymp Trade платформасына қалай тіркелуге болады?
  • Olymp Trade платформасында қалай депозит жасау керек?
  • Olymp Trade платформасында қалай жаңадан ойнай бастауға болады?
  • Платформаны табыс табу үшін қалай пайдалану керек?
  • Olymp платформасынан қаражатты қалай шығарып алуға болады?

Біздің қаржы сарапшыларымыз осы шолуды дайындау мақсатында Olymp Trade платформасын 3 жылдан астам уақыт сараптады. Біз демо шоттар мен жұмыс шоттарын сынақтан өткіздік, бірнеше елде тұратын әуесқой және кәсіпқой трейдерлермен сөйлестік, өз ақшамызды депозитке салып, шығарып алдық және әр түрлі сауда стратегияларын сынап көрдік, осының бәрін Olymp Trade туралы шынайы пікір қалыптастыру үшін жасадық.

Жоғарыдағы мәселені талқылардан бұрын компанияның тарихына бір сәт көз жүгіртейік. Түптің түбінде, өз қаражатыңызды сеніп тапсырмақ болып отырған ұйым туралы білген дұрыс:

Olymp Trade деген не?

Жоғарыда айтылғандай, осы сауда платформасын құрған компания бес жыл бұрын ашылған. Алайда, оның тарихы 2010-шы жылдардың басынан басталады, сол кезде қаржыгерлер мен АТ мамандарының бір тобы онлайн инвестициялауды қалың көпшілік үшін оңайлату мақсатында біріккен болатын.

О бастан бұл ұжым қаржы саудасын демократияландырып, оған тек қомақты бастапқы капиталы немесе тәуекелге бас тігуге құмары бар адамдардың ғана емес, кез келген адамның дерлік қолы жететіндей қылуды мақсат етті.

Olymp сауда платформасының тұңғыш нұсқасы Шығыс Еуропа Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өз нарықтарында қас-қағымда хитке айналды. Тіпті бұрын инвестициялап көрмеген адамдардың өздеріне оны пайдалану оңай еді, ал тегін демо шоттар нақты ақша салмастан іс жүзінде оқып-үйренуге мүмкіндік беретін.

Осы жылдардың ішінде сол бастапқы нұсқадан көп нәрсе жақсартылды және өзгертілді, бірақ негізгі идеясы сол күйінде қалды: кез келген адамға валюталар, акциялар мен криптовалюталар сияқты танымал қаржы активтеріне инвестициялаудың ең оңай жолын қамтамасыз ету.

Осы (едәуір қарапайым) идея дүние жүзіндегі миллиондаған әлеуетті және белсенді инвесторлардың керегіне әбден сай болып шықты. Небары бірнеше жылдың ішінде Olymp Trade өзінің ұсыныстарын дүние жүзінің барлық аймақтарына 12 тілде таратып, қазір секундына 20-дан астам сауда тапсырысын жүзеге асырады. Компания тағы мынадай сандарды көрсетеді:

  • 170 000 000 АҚШ доллары – ай сайынғы сауда көлемі
  • 25 000+ – күніне осынша пайдаланушы сауда жасайды
  • 5 000 000+ – мобильді қолданба жүктеп алынады

Olymp Trade компаниясының басты өнімі және жоғарыдағының бәрін мүмкін ететін нәрсе – оның онлайн сауда платформасы. Қуатты функциялар мен жақсы ойластырылған дизайнның қиысымының көмегімен ол тіпті ең тәжірибесіз деген жаңадан бастаушы трейдерлердің өздеріне де сауданы оңай етеді.

Шолуымыздың келесі бөлімінде біз осы сауда платформасының бәсекелес жүйелерден өзгешелігі неде екенін анықтау үшін оны егжей-тегжейлі қарастырамыз.

Сауда платформасы

Olymp Trade платформасын пайдалану үшін компьютерге ештеңені жүктеп алу керек емес. Ол интернет-браузердің тура өзінде немесе мобильді қолданба ретінде (ол туралы біз кейінірек айтамыз) бар.

Жүйеге кіргеннен кейін негізгі сауда экраны көрінеді, ол оң жақтағы бағалар диаграммасынан және сауда интерфейсінен тұрады. Одан жоғары сіздің барлық белсенді диаграммаларыңызға сілтеме беретін қойындыларды көресіз, ал төменде қазір қолданыстағы және жуырда жабылған мәмілелер берілген.

Оң жақтағы мәмілені ашу бөлімінің қарапайымдылығына назар аударыңыз. Сіз сауданың ұзақтығы мен сомасын белгілейсіз де, егер болжамыңыз дұрыс болып шыққан жағдайда қанша табыс алуыңыз мүмкін екенін бірден көресіз. Содан кейін мәмілені ашу үшін үлкен “Жоғары” немесе “Төмен” түймелерін бассаңыз болғаны.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Мәміленің нәтижесі таңдалған активтің бағасының сіз мәмілені ашу кезінде таңдаған уақыт ішінде өзгеруі арқылы айқындалады. Мына мысалға қарайық:

Сіз Алтын бойынша бір минуттық «Жоғары» мәмілесін ашасыз, ол қазіргі сәтте 1300 доллар тұрады. Егер бір минуттан кейін алтынның бағасы ағымдағы бағадан жоғары болса, сіз мәмілеңіз бойынша қанша болса да пайда табасыз.

Мұның бір ыңғайлы жағы – мәмілені ашпас бұрын сіз ықтимал ұтысыңызды және сәтті мәміленің дәл төлемақысын білесіз. Бұл сауда мәмілелеріңізді тиімдірек жоспарлай аласыз және қатарынан бірнеше сәтсіз болжам жасаған кезіңізде, шотыңыздағы қаражаттың мүлдем таусылуына жол бермейсіз деген сөз. Тамаша!

Olymp Trade платформасында толып жатқан ықтимал қаржы құралдарының бірін таңдай аласыз, алайда, жалпы алғанда олардың бәрін негізгі төрт санатқа бөлуге болады:

  • 35 түрлі валюта жұбы, үйреншікті EUR/USD немесе GBP/JPY ақшаларынан бастап әдеттен тыс USD/MXN немесе AUD/CAD ақшаларына дейін.
  • Нью-Йорктің NASDAQ және Токионың Nikkei 225 биржасы сияқты, дүние жүзінің ең белсенді қор биржаларының аса ірі 10 қор индексі.
  • Coca Cola, Tesla немесе Apple сияқты ірі халықаралық корпорациялардың 13 акциялар қоры. Осы активтер бойынша сауда-саттық сағаттары тиісті қор биржаларының жұмыс сағаттарына сәйкес келеді.
  • 6 шикізаттық тауар, соның ішінде алтын мен күміс сияқты қымбат металдар, сондай-ақ мұнай мен табиғи газ сияқты, қуат өндіруге байланысты тауарлар.

Сонымен қатар, Olymp Trade платформасында саудада сатылатын құралдардың осыдан бірнеше жыл ғана бұрын енгізілген, бірақ тез танымал болған бесінші класы бар, ол – крипто. Ол жеке тарауда қарастыруға тұрарлық.

Olymp Trade платформасындағы криптовалюталар

Заманауи үрдістерге бет бұра отырып, осы бір жылдам дамып келе жатқан байлық көзіне оңай әрі қиындықсыз қол жеткізу мүмкіндігін беру үшін Olymp Trade өз платформасында криптовалюта саудасын енгізді.

Криптовалютаға келетін болсақ, кең тараған Bitcoin мен Ethereum шақаларынан бастап, Monero мен Dash сияқты азырақ тараған активтерге және LTC/BTC сияқты қатынасты жұптарға (яғни, Litecoin шақасының АҚШ долларына емес, Bitcoin шақасына қатысты бағасы) дейінгі 12 түрлі нұсқаның арасынан таңдауға болады.

Әмияндар мен биржалар сияқты әдеттегі әдістермен салыстырғанда, Olymp Trade платформасын криптовалюта саудасы үшін пайдаланудың бірнеше маңызды артықшылығы бар:

  • Криптовалюта әмиянына қаражатты депозитке салып, шығарып аламын дегенше әуреге түсуің мүмкін. Одан да қиыны, Bitfinex сияқты мамандандырылған криптобиржаларда сауда жасауға рұқсат алу үшін бірнеше апта кетеді. Olymp Trade платформасында криптовалюта бойынша мәмілелерді басқа активтер саудасы үшін пайдаланылатын шот арқылы ашуға болады.
  • Криптовалютаны сатып алып, баға өседі деген үмітпен ақшаны онда тек ұстауға болатын әдеттегі әмияндармен салыстырғанда, мұнда криптовалюта бағаларының өсуінен де, түсуінен де пайда табуға болады.
  • Әмияндар мен биржалардағы мәміле комиссиялары шын мәнінде үлкен болуы, нәтижесінде комиссиялық төлем ретінде нақты соманың 10%-дан астамын төлеуіңіз мүмкін. Olymp Trade платформасында үлкен комиссиялық төлем туралы қам жеместен, қанша қаласаңыз, сонша мәміле аша аласыз.
  • Olymp Trade платформасында әдетте қауіпсіздігіне жиі қол сұғылып, бұзылуға бейім келетін мамандандырылған криптобиржаларға қатысты тәуекелдерге бас тікпейсіз.

Мобильді құрылғыдан сауда жасау

Егер Olymp Trade аса ыңғайлы мобильді интерфейстерді қолданбаса, ол заманауи сауда платформасы болмас еді. Біз бұл жерде көпге түрде неге қолданып отырмыз?

Себебі Olymp Trade клиенттерінде мобильді құрылғыда сауда жасаудың баламалы екі нұсқасы бар: өзінің қолданбасы арқылы немесе компанияның веб-сайтын ашып, мобильді браузер арқылы.

Жоғарыдағы экран суреттерінде көрініп тұрғандай, бұл нұсқалардың екеуі де бірдей дерлік, сондықтан олардың қайсысын пайдалану өз қалауыңызға байланысты.

Olymp Trade дизайнерлері оның толық өлшемді сауда платформасының қарапайымдығы мен қуатын сақтап, сөйте тұра пайдаланушылардың мобильді желілік қосылымның көмегімен мәмілелерді кез келген жерден ашуына мүмкіндік бере алған.

Өзіндік қолданбалар Android және iOS құрылғыларында әрине бар, және оларды тікелей сілтемелер арқылы жүктеп алуға болады.

Шот түрлері және демо сауда жасау

Olymp Trade өз пайдаланушыларының платформадан барынша көп пайда алуына көмектесу үшін үш түрлі шот ұсынады: виртуалды ақшасы бар тегін демо шот, ол тәжірибе жинауға және жаңа стратегияларды үйренуге көмектеседі; сауда жасауға және нағыз ақша табуға болатын стандартты шот; және кеңейтілген мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар VIP шот.

VIP шоттың кейбір артықшылықтарына мәмілелер бойынша жоғарырақ пайда мөлшерлемесі (стандартты шоттағы 80% лимиттің орнына 90% лимит), мәміле сомалары бойынша жоғарырақ лимиттер, сондай-ақ болжам қате болған жағдайда клиентке өтемақы төленетін, тәуекелсіз деп аталатын мәмілелердің шектелген сомасы жатады.

Сонымен бірге, VIP мәртебенің әрбір иесіне веб-семинарларға және VIP сараптамаға қатынау құқығы беріледі, сондай-ақ оған сауда платформасының кез келген қыры бойынша кеңес беретін дербес көмекші тағайындалады.

VIP мәртебе алу үшін кем дегенде 2000 АҚШ долларын депозитке салу керек. Егер келесі 15 күн ішінде ешқандай сауда-саттық жасамастан қаражатты шығарып алсаңыз, VIP артықшылықтарынан айырылып қалуыңыз мүмкін екенін айта кеткен жөн.

VIP шоттар осыған тұрарлық па?

Егер сондай шот ұстауға мүмкіндігіңіз болса, иә, тұрарлық; қосымша шығын шығармастан сіз саудадан барынша көп табыс алуға көмектесетін кеңейтілген функциялар мен қосымша ақпаратқа ие боласыз. Алайда, бұл стандартты шот арқылы тұрақты пайда алу мүмкіндігі азырақ дегенді білдірмейді.

Стандартты немесе VIP шот ашқан клиенттердің бастапқы салымының 50%-ына дейінгі мөлшерде құттықтау бонусын алуға құқығы бар. Бонустың сомасын шығарып алуға болмайтынын ескеріңіз, бірақ сол ақшаның көмегімен тапқан кез келген пайда өзіңізде қалады да, оны шығарып алуға болады.

Olymp Trade платформасында шот ашу қаншалықты қиын?

Шот ашу

Тіпті де қиын емес! Шын мәнісінде біз Olymp платформасын осынша танымал еткен басты факторлардың бірі шотқа байланысты барлық процедуралардың (соның ішінде депозиттер және ақшаны шығарып алу процедуралары, олар туралы біз бірнеше секундтан кейін айтамыз) қарапайымдылығы шығар деп топшылаймыз.

Онлайн платформаны пайдалана бастау үшін небары 4 рет шерту жеткілікті:

  • Логин ретінде пайдалануға болатын электрондық мекенжайыңызды енгізіңіз. Бұл сіз іс жүзінде пайдаланатын мекенжай болуы керек, себебі осы электрондық поштаға Olymp Trade компаниясы маңызды ақпаратты, соның ішінде кейін құпиясөзіңізді ұмытып қалған жағдайда, оны қалпына келтіру хабарын жібереді.
  • Тіркелгіңіздің құпиясөзін енгізіңіз. Оны әріптерден, сандар мен таңбалардан құрауға болады, бірақ “123456” сияқты стандартты тіркестерді пайдаланудан мүлде аулақ болған жөн.
  • Платформаның шарттары мен талаптарына келісу үшін құсбелгі қойыңыз.
  • Соңында, өтініміңізді жіберу үшін пішіннің астындағы үлкен “Тіркеу” түймесін басыңыз. Дереу Демо шот арқылы сауда жасау платформасына бағытталасыз. Сондай-ақ, 1-ші қадамда өзіңіз көрсеткен мекенжайға электрондық құттықтау хатын аласыз, онда жаңа сауда шотыңызды белсендіру сілтемесі болады.

Қиын болған жоқ қой? Ең жақсысы, жоғарыдағы процедураны аяқтағаннан кейін платформаның барлық функцияларын демо режимде дереу пайдалана аласыз.

Нағыз ақшаның азғантай мөлшерімен жаттыға бастау үшін депозитке ақша салу керек. Иә, рас, бұл да өте оңай іс.

Депозитке ақша салу және шығарып алу

Сауда шотына қаражат салу үшін платформа экранының жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Депозит» түймесін басыңыз немесе мобильді құрылғыда болсаңыз, “+” түймесін басыңыз.

Жаңа экран ашылып, онда қолданыстағы төлем нұсқалары көрсетіледі. Интернет-банктердің, Visa/Mastercard жүйелерінің, сондай-ақ жергілікті электрондық төлем жүйелері мен криптовалюталардың кең ауқымынан таңдауға болады.

Таңдаған төлем тәсілінің үстінен шерткеннен кейін, депозит сомасын таңдауға мүмкіндік беретін түпкілікті депозит экраны көрінеді – бонусыңыз осы сомаға қарай автоматты түрде жасалады.

Егер осы қадамда төлеміңізді сақтауды таңдасаңыз, кейіннен қосымша депозиттерді бір шерткеннен сала алатын боласыз.

Olymp Trade платформасынан ақшаны шығарып алу таңдалған төлем әдісіне қарай 1-4 жұмыс күні ішінде іске асырылады. Шығарып алуға болатын сома тек шоттағы жалпы қалдықпен шектеледі, одан депозитке қаражат салған кезде алған бонусыңыз шегеріледі.

Егер көбірек сомаларды шығарып алатын болсаңыз, брокер сіздің жеке басыңызды куәландыратын қосымша құжаттарды реттеуші органдардың талаптарына сәйкес сұратуы мүмкін. Бұл жағдай тек бір рет қана орын алады, жеке басыңыз расталғаннан кейін ешқандай қосымша құжаттарды жіберу қажет болмайды.

Olymp Trade платформасында 24 айдан артық сауда жасағаннан кейін біздің мамандардың алдынан кідіріс өте аз кездесті, ал сәтсіз мәмілелер мүлде болған жоқ. Компания өзінің клиенттеріне ай сайын миллиондаған доллар төлейді, сондықтан сіздің шығарып алатын ақшаңыздың дереу түспеуінің бірден бір себебі – сіздің банкіңіздің немесе электрондық әмияныңыздың кідірісі.

Сауда жасауды үйрену

Olymp Trade веб-сайтын шолып шықсаңыз, трейдерлерді оқып-үйретуге компанияның салиқалы түрде қарайтынын анық байқай аласыз. Жаңадан бастаушы трейдерлерге арналған тегін интербелсенді сабақтар, маңызды сауда терминдерін түсіндіретін дерекқор, онлайн платформамен жұмыс істеуді үйрететін бейне оқулықтар, сондай-ақ мерзімді онлайн семинарлар бар.

Осылардың көпшілігін “Білім беру” аймағынан табуға болады, оған басты мәзірден кіре аласыз.

Әрбір сабақ сөйлесу терезесі түрінде құрылған, онда Whatsapp немесе мессенджер арқылы досыңыздан кеңес сұраған сияқты, шағын-шағын бөліктер түрінде сабақ үйренесіз. Бұл ақпаратты меңгеруді оңайлатады және білім алуыңызды жылдамдатады.

Қаржы саудасының негіздерін, сондай-ақ техникалық көрсеткіштер мен нақты сауда стратегиялары сияқты озық тақырыптарды қамтитын 100-ден астам сабақ бар.

Біз бұларды айрықша пайдалы деп санаймыз, өйткені оларда жаңадан бастаушы трейдерлерден (мысалы, MACD немесе Bollinger Bands) озық трейдерлерге (Ichimoku сияқты көрсеткіштер әсіресе қызықты болуы мүмкін) дейінгі түрлі тәжірибе деңгейлері бойынша пайда табуға арналған нақты қадамдар тізбегі берілген.

Шотыңыздың Сараптама бөлімінде сауда сапасын жақсартуға көмектесетін тегін құралдар бар: валюталар мен акциялардың бағаларына әсер етуі мүмкін алдағы маңызды іс-шаралар күнтізбесі, нарықтың қазіргі жай-күйіне негізделген сауда-саттық сигналдары, сондай-ақ тәжірибелі трейдерлерге арналған құбылмалылық көрсеткіштері.

Сондай-ақ белгілі бір күндері жүйелі түрде өткізіліп тұратын тікелей веб-семинарларға жазылуыңызға да болады. Осындай іс-шараларға қатысу нақты уақыт режимінде мамандардан оқып-үйренуге және туындауы мүмкін сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндік береді.

Клиенттерді қолдау

Нақты уақыт режимінде байланыс жасау туралы айтатын болсақ: егер сауда платформасына, депозиттен қаражат шығарып алуға немесе Olymp Trade платформасымен әрекеттестікке байланысты басқа жайтқа қатысты қиындыққа тап болсаңыз, бізге хабарласудың бірнеше жолы бар.

Ең қолайлы тәсіл – мәселелеріңізді компанияның өкілдерімен дереу талқылауға мүмкіндік беретін тікелей чат. Чатқа платформа экранының үстіңгі оң жақ бұрышындағы сұрақ белгішесін шерту арқылы кіруге болады.

Olymp Trade өкілдеріне хабарласудың басқа тәсілдеріне тікелей телефон соғу (оның жедел желісі 24/7 режимінде жұмыс істейді) және, егер сіз болашақта қолдану үшін әңгімеңізді жазбаша түрде сақтағыңыз келген жағдайда, электрондық пошта кіреді.

Бізде Olymp Trade қолдауының сапасы туралы айтатын тек жағымды жайттар ғана бар. Ол жылдам, ол пайдаланушыға қолайлы және, ең бастысы, ұжым қолдау қызметіне келген тағы бір өтінішті жаба салмастан, түйінді мәселелерді іс жүзінде шешуді көздейді.

Olymp Trade платформасының артықшылықтары мен кемшіліктері

Жарайды, Olymp Trade ұсыныстарын егжей-тегжейлі қарастырғаннан кейін, енді байқаған жайттарымыз бен ойларымызды артықшылықтар мен кемшіліктер тізімінде жалпылап қорытайық. Бұл келесі бөлімде түпкілікті қорытынды жасауға көмектеседі.

+ Ең кіші депозит бойынша қойылатын талап төмен: Нағыз ақшамен жасалатын сауданы 10 доллардан бастауға болады, бұл – саладағы ең төмен ең кіші депозит.

+ Тегін демо шот: Нағыз ақшамен тәуекелге бару қажет емес, сауда платформасының демо нұсқасынан бастауға болады, онда шын нұсқасының бүкіл функциялары бар.

+ Пайдаланылуы оңай, бірақ қуатты: Olymp Trade онлайн-платформасы өзінің ең басты мақсатын паш етеді: кез келген адамның инвестициялауды бастауы үшін оны барынша қарапайым ету.

+ Ең кіші мәміле бойынша қойылатын талап төмен: Жоғарыда аталған демо шоттан басқа, оқып-үйренуді өзіңіздің нақты шотыңызда жасалатын шағын мәмілелерден бастауға болады, себебі компания 1 доллардан бастап тапсырыс жасауға мүмкіндік береді.

+ Үшінші тараптың нормативтік ережелері: Olymp Trade жұмысы Халықаралық қаржы комиссиясы тарапынан реттеледі, ол компания мен оның клиенттерінің арасында қандай да бір дау туындаған жағдайда бейтарап делдал ретінде әрекет етеді. Комиссия дау клиенттің пайдасына шешілген әрбір жағдай үшін 20000 долларлық өтемақы қорына кепілдік береді.

+ Интербелсенді оқыту материалдары: Olymp Trade компаниясының өсіп келе жатқан кітапханасында 100-ден астам тегін онлайн сабақ бар, онда чат тәрізді әңгіме-дүкенді қарау арқылы сауда негіздерін де, күрделірек тақырыптарды да үйренуге болады.

+ Ақшаны жылдам әрі тегін шығарып алу: Тапқан табысты шығарып алу әдетте 1-4 күн ішінде іске асырылады. Компания ешқандай комиссиялық алым қоспайды, сондықтан сіз көтеретін жалғыз шығын – ол сіздің төлем провайдеріңіздің комиссиясы.

+ Оңай мобильді сауда: Сауда платформасының браузерлік нұсқасы бар, оны мобильді құрылғыларда пайдалануға болады, сондай-ақ Play Market или App Store дүкендерінен жүктеп алынатын арнайы мобильді қолданбалар да бар.

– 1 минуттан аз мәміле аралықтары жоқ: Сауда жасауға болатын ең қысқа уақыт аралығы 60 секундты құрайды, бұл скальпинг сияқты белгілі бір озық стратегияларды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз.

– ЕО резиденттерін қабылдамайды: Егер сіз Еуропа Одағында тұратын болсаңыз немесе онда жай саяхаттап жүрсеңіз, компания сіздің сауда платформасында тіркелуіңізге рұқсат бермейді.

Біздің кесіміміз

Сонымен, зерттеу нәтижесінде қандай қорытынды жасай аламыз? Olymp Trade компаниясын инвестициялық серіктес ретінде таңдауға тиіссіз бе?

Olymp Trade жүйесімен әрбір әрекеттестік мәмілелерді ашу, сауда жасауға үйрену, қаржы құю/шығарып алу немесе клиенттерді қолдау жағынан болсын, жақсылап майланған сағаттың жүрісі сияқты әсер қалдырады. Тіпті енді ғана жаңадан бастағандар да өздерін жайбарақат әрі қамқоршысы бар сияқты сезінеді, ал тәжірибелі трейдерлер саудасын әлдеқайда тиімді ететін көптеген артықшылықтарды таба алады.

Оның платформасын көптеген жылдар бойы пайдаланғаннан кейін Olymp Trade компаниясының халықаралық сауда фирмасына қалайша жылдам айналғанын оңай түсінеміз. Ондағылар клиенттермен жұмысқа салиқалы түрде қарайды және қызмет көрсету сапасы жағынан кемшіліктерге жол бермейді.

Читать обзор на русском.

Please rate this

Пікір үстеу